$ 478.96  533.03  5.22

Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен алғашқы жолдастық кездесуде 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Енді ел құрамасы аталған қарсыласымен 1 қыркүйекте тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Ойын барысында қазақстандық Жахангир Рашит, Дуглас Жуниор, Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов гол соқса, оған ирандық футзалшылар бір гол соқты.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді. Ал 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары