$ 478.96  533.03  5.22

Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарайды

Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған ағасы Бақытжан Байжановтың шағымын қарайды. Үкіммен келіспеген Бақытжан Байжанов жоғары сот органына шағым түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сот кеңсесінің хабарлауынша, Байжановтың кассациялық шағымы сәрсенбі, 4 қыркүйекте қаралады.

Фото: office.sud.kz

Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.

"Бүгін Жоғарғы сот К.В. Бишімбаев пен Б.А.Байжановтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын және оның адвокаттары Жоғарғы Сотқа шағымданбағанын хабарлады", – деп жазды ол.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары