02.09.2024, 06:30

Желіде Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады

Фото: видеодан алынды

“Қартайып кеткен Мейрамбек”.

Жас әнші Ұланғасыр Қами өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын тыңдарманын көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шоу-бизнес өкілі халықтың арасында ән шырқап тұрған кезінде түсірілген видеоны жеке парақшасына жариялады. 

"Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен", – деп жазды Ұланғасыр Қами.

Ал әлгі видеода көзге түскее ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев екені белгілі болды. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.

"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев", – деді ол.

Желі қолданушылары жарыса пікір жазып, сүйікті әншілеріне ұқсатып жатыр. 

“Қартайып кеткен Мейрамбек”, “Қатты ұқсайды екен”, “Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен" деп желі қолданушылары жаза жөнелді.