$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент тұрғыны полицейді пышақтап кетті (ВИДЕО)

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін Шымкентте потрульдік полиция қызметкерін пышақтап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

“Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкі инспекторының арқасынан ер адам пышақпен ұрған”, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 380-бабымен («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары