Облыс әкімінің сөзінше, негізі ол ауылға асфальт шілде айында төселіп қою керек болған.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің ауылына асфальт төсеу жұмыстары неге осы күнге дейін кешіктірілгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысындағы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселгені – оның Олимпиада чемпионы болуына еш қатысы жоқ, жол салу жұмыстары жыл басында жоспарланған дейді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев. Парламент палаталарының бірлескен отырысына келген әкім журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Облыс әкімінің сөзінше, негізі ол ауылға асфальт шілде айында төселіп қою керек болған.
«Негізі ол ауылға қазан айында асфальт төсеу жоспарда болған. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік сатып алу процестері оңай емес екенін білесіздер. Екі мердігер соттасып жатыр. Сондықтан асфальт төсеу мәселесі кешігіп келді. Әйтпесе шілде айында ол жолға асфальт төсеп қоюымыз керек еді. Ол жолды мердігерлер өз тарапынан жасап берді. Жалпы жоспарда ол ауылдың алты әлде сегіз жолын жөндеу мәселесі болған. Оған үлгермей жатыр», — деді Ербол Қарашөкеев.