ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Қарағанды қаласының Республика даңғылында жеңіл автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 12 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.