03.09.2024, 08:30

3-5 қыркүйек аралығында ауа райы қалай құбылады

Фото: Pixabay

Найзағай соғып, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі 3-5 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда.

«Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады. Сондай-ақ, күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8...+15 °С дейін, оңтүстігінде +20...+28 °С дейін», - деп хабарлады синоптиктер.