$ 479.38  531.63  5.27

Мектеп директоры алғашқы қоңырауда оқушылармен билеп, көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Ол тарих пәнінің мұғалімі екен, оның педагогикалық өтілі – 16 жыл.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

2 қыркүйекте Алматыдағы №209 мектеп директорының билеген видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеодағы ер адам мектеп директоры Болат Мыңбаев. Оның 16 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар. Ол тарих пәнінің мұғалімі.

Ол алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушылары қолдау мақсатында олармен бірге биледі. Сол кезде оны көпшілік видеоға түсіріп алса керек. Әлгі видеодан мектептің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына елімізге белгілі әнші Айжан Нұрмағанбетова келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары