03.09.2024, 11:20

«Қазір тірі емеспін»: TikТok-та «өлі блогер» жүргізетін парақша пайда болды (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Парақшада тірі кезде қаншалықты бақытты өмір сүргенім туралы айтамын.

TikТok-та «марқұм болған қыз жүргізетін» парақша әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өлі блогер» басқаратын парақша желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Парақша «Өлімнен кейінгі өмір» деп аталады. Видеолардың басты кейіпкері  –  Настя Кузнецова. Парақшаның сипаттамасында қыздың жол апатынан қаза тапқаны жазылған.

«Мен – Настямын. Қазір тірі емеспін. 2024 жылдың 30 шілдесінде жол апатына ұшырап, көз жұмдым. Бірақ жақында осы аватарды жасадым. Туыстарым осы блог арқылы маған мәңгілік өмір сыйлау туралы шешім қабылдапты. Парақшада тірі кезде қаншалықты бақытты өмір сүргенім туралы айтамын», – деді «блогер» видеосында.

Кейбір желі қолданушылары парақшаны өлі қыздың өзі жүргізетініне күмәнданады. Олардың айтуынша, Настяның бейнесінің артында актриса бар және парақшаның авторлары осылай танымал болғысы немесе ақша тапқысы келеді.

Ал «өлі блогердің» парақшасына қазірдің өзінде 893 адам жазылған, видеоларына 134 мыңнан астам лайк басылған.