$ 494.87  520.65  4.91

Біздің ел бизнеспен айналысу үшін әлі де қолайсыз - Ерлан Саиров

Кәсіппен айналыспақ болған жігітке 3 айдың ішінде 200 мың теңге айыппұл салған. 

 

ҚР Парламентінің депутаты Ерлан Саиров  «Qasqa Jol» ютуб-арнасында қонақта болып, күні кеше өткен Президент Жолдауы туралы кеңінен тарқатты. Сондай-ақ ел ішінде қордаланып қалған мәселер туралы ашып айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Демалыстан оралған депутат ауыл-аймақтарды аралағанын айтып, шалғай жерлердегі мәселені көтерді. Сонымен қатар, іс-сапармен Қытайға барғанын, ондағы кәсіпкерліктің даму жолын түсіндіре кетті. 

Жақын арады Қытайдың жаңашылдығын көру үшін Гонконг қаласының жанындағы Шэнь-чжень қаласына барып қайттық. 82-жылы салынған екен. Қазір 20 млн халық тұрады, ішкі жалпы өнімі Қазақстаннан екі есе көп. Сол қалада жүргенде қазақша ас ішкіміз келіп кішкентай кафеге бардық. Барсақ, ішінде төрт қазақ жігіті жүр. Содан қайтар кезде елге жүріңдер деп айттым. Сондағы жігіт Астанада жұмыс істегенін жан-жақтан бәрі айыппұл салып, 3 айдың ішінде оның 200 мың теңге болғанын айтты. Содан қашып кетіпті. Енді жұмыс істеу үшін Қазақстанға бармаймын дейді. Міне, қандай қолайсыздық? Біздің елімізде басқа елдерге қарағанда бизнеспен айналысу әлі де қолайсыз. Түптің түбіндегі Шэнь-чжень деген қалада төрт қазақтың баласына жұмыс істеуге орын бар екен. Ол қала тнехнологиялары жағынан дүниежүзі бойынша ең озық қалалардың бірі. Санитарлық нормалардың ең қатал түрі сол жақта болуы керек. Ал Астанада өз қазақтарымызға жұмыс істейтін жағдай жоқ. Өте ойланатын мәселе. Президент Жолдауында бизнеске қолайлы жағдай жасалуы керек деп айтты, - деді депутат. 

Президент өз Жолдауында банктер туралы жаңа заң керегін атап өтті. Депутат осы заңға қатысты өз пікірін білдіре кетті. 

Тау-кен сферасы бес жылдың ішінде 8,2 трлн дивиденд алған. Ол ел бюджетінің үштен бірі. Өткен жылы жалпы ішкі өнім 5,3%-ға өсті. Егер Еуропа елдерінде осылай өсетін болса, халық аста-төк өмір сүріп жатады. Ал Қазақстанда Президент айтқандай бюджетке 3 трлн теңге жетпейді. Өйткені бай-шонжарлар әлі күнге дейін ештеңе төлемейді. Пайданы көп табады, бірақ мемлекетке қайтармайды. Енді біз тау-кен сферасына бөлінген ақшаның тым құрығында жартысын елімізде алып қалып инвестицияның көзіне айналдыруымыз қажет. Ол жұмыс орындары мен салыққа айналуы керек. Еліміздің банк жүйесі бір қолда шоғырланған – монополия. 30 жылдың ішінде шетелдік банктерді Қазақстанға кіргізбеудің амалын жасап қойғандықтан, олар ел ішінде өзінің пайыздық мөлшерлемесін көтеріп, азаматтарымыздық қаржылық теңсіздік деңгейіне көтеріп қойып, қаншама пайда тапты. Енді осы монополияны жою керек. Оны жою үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау керегін айтып Тоқаев нақты тапсырма берді. Осы заң қабылданса, қаржылық сферадағы монополияны жойып, банктердің Қазақстандағы әсіре пайда табу тенденциясын тоқтату керек, - деді Саиров. 

Ерлан Саировпен болған сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көріңіз: "Құлыбаев - ұятсыз, банктер Қазақстан экономикасын дамытпай отыр" - Ерлан Саиров

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары