$ 494.87  520.65  4.91

Бапкер 10 жасар қызды зорлаған: Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қыздың жағдайын айтты

Ал анасы полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап отыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған футбол бапкері ұсталып, қамалды. Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова қыздың қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ол жәбірленуші қыздың анасына хабарласып, нақты қандай көмек қажет екенін сұраған.

«Әуелі баланың физикалық және психо-эмоционалдық күйіне назар аудардым. Оларға қазір қандай көмек қажет екенін нақтылап сұрадым. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдарына қатысты сұрақтары бар-жоғын анықтадым. Қазіргі кезде қыз үйінде, отбасының жанында, жақындары оны мүмкіндігінше сүйіспеншілікке бөлеп, қамқорлық танытуда. Психологтың жұмысы сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Ал анасы полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап отыр.  Мен 10 жасар қыздың ешнәрседен қорықпай, қысылмай ата-анасына бәрін жасырмай айтып бергеніне таңданыс білдірдім. Мұны қыздың анасына да жеткізіп, көпбалалы анаға баласына берген тәрбиесі үшін алғысымды айттым. Өйткені олар балаларының бойында өздеріне, ата-анасына деген сенім деңгейін қалыптастырған. Соның нәтижесінде бала өз отбасының қорған бола алатынын біліп, жағдады баяндаған. Дәл осы әрекеті арқылы тағы бірнеше бала мынадай сұмдық жағдайдан құтқарылған болуы мүмкін! Мен үшін бұл ерлік! Бұл, тіпті, әрбір ересек адамның қолынан келе бермейді», – деп жазды Сәуле Шәкенова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары