$ 494.87  520.65  4.91

«Басына оқ тиген»: Алматы көшелерінің бірінен ер адамның денесі табылды

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Ura.ru
Фото: Ura.ru

Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесә табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде шағын аудандағы үйлердің бірінде түнімен тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істегендігі айтылған.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары