03.09.2024, 18:40

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме?

Фото: Pixabay

Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі  сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз!

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитеті Телеграм-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі  сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ресми хабарламада.