Қандай керемет жүргізушілер, үндерінің өзі от қой.
Желіде Қытайда жаңылтпаш айтқан қазақ дикторларының видеосы тарады. Желі қолданушылары дикторларға жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео Instagram-дағы maulenqazaq парақшасында жарияланды. Бес диктордың әртүрлі жаңылтпашты мүдірмей айтқан сәті видеоға түсірілген. Желі қолданушылар тілшілердің таза қазақ тілінде сөйлегеніне сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырыпты.
"Тұнық қазақ емлесі", "Шынымен керемет жүргізушілер сияқты", "Қандай керемет жүргізушілер, үндерінің өзі от қой", "Нағыз қазақтар", "Жүргізушілердің сырт келбеті жағымды екен", - деп жазды желі қолданушылары.