04.09.2024, 02:30

Шымкентте 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Фото: Qyzyljarnews.kz

Бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 18:45-те әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 жылы туған ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама түсті.

"Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", - деп хабарлады департамент.