Әскер немесе медицина өкілдерінің бірі бұл балаға қасақана жасап отырған секілді.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи былтыр комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың оқиғасын әлдекімдер дүрліктіріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еске салсақ, Алматы маңындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеген Ербаян былтыр желтоқсанында ми жарақатын алып, комаға түскен. Зардап шеккен сарбаздың туыстары мемлекеттен қажетті көмек көрсетілмей жатқанын айтып шағымданған. Бұл ретте депутат «әскерилер неге Ербаянға жөргек сияқты қажетті күтім құралдарымен қамтамасыз етілмейді?» деген тілші сұрағына жауап берді.
«Олар жөргекпен қамтамасыз ете алмайды?! Бұл туралы тым көп айтылған. Жөргекпен қамтамасыз ету мәселесі қандай? Олар кез келген дүкенде сатылады. Бұл жағдайдың айналасындағы қаңқу сөздерді көбейте береді. Жігіттің қиын, қайғылы жағдайға тап болғанымен келісемін. Мұны Әскер немесе медицина өкілдерінің бірі бұл балаға қасақана жасап отырған секілді. Бұл мүмкін емес! Әлеуметтік желіде осындай ақпараттар тарап жатыр. Ал біз түймедейді түйедей етіп, ушықтырып жатырмыз», – деді Ермұрат Бапи.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комаға түскен сарбаз Ербаянға көмектесуге әзір екенін мәлімдеген.