05.09.2024, 10:20

Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Фото: Ақорда

Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанған еді.

Мемлекет басшысы Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.