05.09.2024, 12:00

«Колхоз, тас қараңғы»: Баян Алагөзова Үкімет үнін естігенін айтып, мақтанды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды.

Жуырда тағы екі қыздың анасы атанған продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдардың жөнделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске салсақ, танымал шоу-бизнес өкілі жуырда туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін айтып шағымданған.

«Мен жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана «колхоз». Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті», – деген еді Баян Мақсатқызы.

Енді оның үнін жергілікті атқамінерлер естіген секілді.

«Үкімет менің үнімді естіді. Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты ғой. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен?», – деп жазды ол желідегі парақшасында.