$ 494.87  520.65  4.91

Бүкіл Қазақстан бойынша полициялер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ-нің ресми сайтының хабарлауынша, халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйекте мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды.

«ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары