$ 494.87  520.65  4.91

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қымбат мүліктері мемлекетке қайтарылмақ

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Экс-министр Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңге болатын нысандары мемлекетке қайтарылмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 миллиард теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойып, бастамашылық жасады.

Олардың біреуін сот қанағаттандырды.

"Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 миллион теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 миллион теңгеге бағаланды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 миллиард теңге болды, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінген.

Алматы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

"Сонымен қатар Астана мен Алматыда прокурорлардың талабы бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр", делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары