Асқар Садықов партиядан шығарылып, жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді.
Экс-депутат Instagram-дағы бейне хабарламасында ешқандай талқылауға қатысқысы келмейтінін, келтірілген дәйектерді "күмәнді" деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда мәселеге қатысты жауап беретінін, себебі үнсіздік қазіргі жағдайда кінәні мойындау ретінде қарастырылып жатқанын айтты.
Ол харрасментке қатысты айыптаулардан жоққа шығарды. 6 баланың әкесі екенін атап өтіп, Азат Перуашевтен оны өзінің "лас ойындары мен манипуляцияларына" тартпауын өтінді.
«Мені өзіңіздің лас ойыныңызға араластырмаңыз. Манипуляция жасамаңыз. Мен енді үндемей қала алмаймын. Жасалған мәлімдеме партия басшысының деңгейіне сай емес, дегенмен Азат Перуашев халықты талай адастырған, оның жұмыс істеу стилі сондай.
Азат Перуашев сізге айтарым, егер мені партиядан шығарып жібергіңіз келген болса, менің абыройымды түсіретін лас айыптар тақпай, басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді. Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, сіз мұны әуелі менімен және партия мүшелерімен мамыр айында талқылар едіңіз», - деді ол.
Айтуынша, болған жағдай мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланбаған.
«Қазір мен де басқа азаматтар сияқты осы хабарды естіп төбемнен жай түскендей болып отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында сіздің бүкіл жалған мәлімдемелеріңіз елге белгілі. Соған қарағанда Азат Перуашев өзінің орынбасарының Ұлттық гвардияның генералына пара бергені туралы ақпаратты жасырып қалғысы келіп, ақпарат ауанын маған бұруға тырысқан сияқты. Азат Перуашев сіз мақсатыңызға жеттіңіз», - дейді экс депутат.
Бұрынғы басшысына сәлем жолдаған Асқар Садықов егер ол оны партиядан шығарғысы келсе, өсек тасымай, шынымен ақылға қонымды дәйектер келтіруі керек болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.