Айта кетейік, қазір дәмхана, ресторандардың барлығында дерлік тұтынушы алған қызметтің кемінде 10 пайызын қызмет көрсетуге төлейді.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңға жаңа өзгеріс енгізуді ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін қызмет көрсетуге төлем чегіңізде міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Біз қызмет көрсетуге төленетін жеке төлемді чектегі міндетті атрибуттан алу үшін заңға өзгеріс дайындап жатырмыз. Қызмет көрсетуге төлейтін 10 пайыз алынып тасталады. Ол сома сіз алған қызметтің ішінде болса, неліктен сіз екі рет төлеуіңіз керек, – деді министр Сенат кулуарында.