Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.
Ақтөбе облысында жетінші сыныпта оқитын қыз бала жүкті болып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқушы қыз жетінші сыныпта оқиды. Аяғы ауыр болғанына аты айдан асқан. Дәрігерлік кеңес комиссиясының шешіміне сай ол оқуын үйден жалғастырады.