$ 478.96  533.03  5.22

Шұғыл ескерту! Елшілік қазақстандықтарды Украинадан кетуге шақырды

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі(төтенше жағдайда): +380673470408.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыру жағын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі(төтенше жағдайда): +380673470408.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары