Әкесі Қалдыбек ағамыз бен аяулы әпкеміз Ақмаржанның Алла алдындағы некесін қиған кісі қазір осы мешіттің бас имамы екен.
Кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровты соттатпақ болып жүрген композитордың қызы Әнару Құрманәлі имамның алдына барды. Ол Орталық мешітте марқұм анасына құран оқытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітке барып, құран оқыттық. Әнару шелпектерді өз қолымен пісірді. Қамырын мен ашытып кеткем. Үстіндегі көйлек менің көйлегім. Тігіншілік өнерімнің алғашқы туындысы ғой. Мамасының киімін киіп алғандай қолпылдатып, “матасы жайлы, күштіі екен” деп киіп алады. Орталық мешітке бару Әнарудың ұсынысы. Әкесі Қалдыбек ағамыз бен аяулы әпкеміз Ақмаржанның Алла алдындағы некесін қиған кісі қазір осы мешіттің бас имамы екен», — деп жазды Әнару Қылдыбектің адвокаты Ләззат Ахатова.
Заңгер, Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс Алмалы аудандық полиция бөлімінде қозғалған. Алайда іс тергеуден қысқартылып кеткен.
«Әнару Құрманәліқызы да дәл сол жылы арыз берген. Дәл сол Алмалы ауд.полиция бөліміне. Енді осы жерде назар аударатын жағдай. Сол кездегі Алмалы ауд.полиция бөлімінің басшысының орынбасары болған адам қазір Әуезов аудандық полиция бөлімінің (соңғы іс қаралып жатқан) басшысы..Кездейсоқтық па, әлде Тұраровтың “крышасы” ма, уақыт көрсетер..Бұл туралы Бас Прокуратураға жазып жатырмыз», — деді Ахатова.