$ 488.11  530.09  5.01

Конор Макгрегор Ирландия президенті болғысы келеді

Ол елді билік басындағы суайттардан тазаламақ.

Фото: @thenotoriousmma
Фото: @thenotoriousmma

Танымал шетелдік палуан Конор Макгрегор Ирландияның президент сайлауына қатысқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Foxnews-ке сілтеме жасап.

36 жастағы аралас жекпе-жек палуаны жарақатына байланысты биыл UFC - ке оралмайды. Ол өзінің желідегі парақшасына Ирландияның президенті болуға жалғыз лайықты адам екенін жазып, сайлауға қатысу ниетін білдірген. Айтуынша, ол елді билік басындағы суайттардан тазаламақ.

«Егер мен президент болсам, парламентті шақыруға, таратуға құзіретім болады. Ирландықтардың бүкіл сұрағына қарапайым халықты тонаушылардан, отбасын ойрандаушылардан, шағын бизнеске тұсау салушылардан жауап алғызып берер едім. Қолында билігі бар суайттар Ирландия халқының алдында жауап берер еді...Елге Ирландияның мүддесіне жұмыс істейтін президент керек. Ол – мен», - деп жазған палуан.

Конор Макгрегор UFC - дің екі дүркін чемпионы атанып, белдік алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары