Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылған.
Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті. 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды.
"Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады аурухана.