$ 478.96  533.03  5.22

«Қазақ үшін жанымды беремін»: Нұралы Әліп қазақ халқына үндеу жасады

Тіл мәселесінің жыры қашан бітеді?

Фото: Нұралы Әліптің nurik028 инстаграм парақшасынан
Фото: Нұралы Әліптің nurik028 инстаграм парақшасынан

"Зенит" және ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп журналист Нұрсұлтан Құрманға қайтарма жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасының Норвегиямен өткен ойынынан соң Нұралы Әліп өзінің желідегі парақшасына жазба жариялады.

Қазақ елі, қолдауларыңызға рахмет! Осы орайда тағы бір мәселені айтқым келеді, соңғы берген сұхбатымды бұрыс түсінгендерге мына жайтты түсіндіргім келеді: мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек деген жоқпын, ондай ойым да болған жоқ. Өзім бір адамға (Нұрсұлтанға – авт.) келген қонаққа қонақжайлылығыңды көрсету керек деп айтқанмын. Бірақ ол адам мені дұрыс түсінбей, қазақ тіліне қарсымын деп ойлап, өз пікірін айтып, мені түсінбеді. Ұзын сөздің қысқасы, мен де өздерің сияқты қазақ үшін жанын беруге дайын қазақтың қарадомалақ баласымын. Қазақты қазақ көтерер, біз – біргеміз, биік іргеміз, – деп жазды Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары