08.09.2024, 15:30

Паралимпиада-2024: Қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ол қола жүлде үшін белдесуде итальяндық Каролина Костаны жеңді. 

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 класында ел намысын қорғаған Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды.

Ол қола жүлде үшін белдесуде итальяндық Каролина Костаны жеңді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының медальдар саны 10-ға жетті.