$ 492.14  528.85  5.01

«Командирі оқ атты»: Прокуратура Маңғыстаудағы сарбаздың өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Фото: gov.kz/memleket
Фото: gov.kz/memleket

Бас әскери прокуратура Маңғыстау облысында сарбаздың өліміне қатысты тергеуді бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы сарбазға оқ атқан. Салдарынан сарбаз қайтыс болды. 

“Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі). Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды", - делінген хабарламада. 

Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда. 

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары