$ 478.93  534.96  5.16

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Еркін күрес шебері 92 келі салмақта жартылай финалға жетіп, ресейлік балуаннан жеңілген еді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еркін күрес шебері 92 келі салмақта жартылай финалға жетіп, ресейлік балуаннан жеңілген еді.

Кіші финалда Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан қоржыны соңғы жарыс күнінде қола медальмен толықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары