Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында болған.
Ақтау-Құрық тасжолының 39-шақырымында екі көлік соқтығысып, жанып кеткен. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.
– Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.