09.09.2024, 15:40

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: Lada.kz

Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында болған.

Ақтау-Құрық тасжолының 39-шақырымында екі көлік соқтығысып, жанып кеткен. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

– Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.