$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ тілін жетік меңгерген жапониялық ерлі-зайыпты көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Осыдан 10 жыл бұрын Алматыда тұрдық, сол кезде аздап қазақ тілін үйрендік.

 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде блогер Қайрат Мұқышевтың V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына турист ретінде келген жапониялықтармен сұхбаты тарады. Видеода шетелдік ерлі-зайыпты қазақ тілінде еркін көсілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер этноауылдағы жәрмеңкені аралап жүріп, саудаласып тұрған ер адам мен әйелге қарап, оларды Қытайдан немесе Вьетнамнан келді деп топшылады. Алайда турист өзінің Жапониядан келгенін айтып, блогерді таңғалдырды.

Жапониялық ерлі-зайыптының 10 жыл бұрын біршама уақыт Алматыда тұрғаны белгілі болды. Сол кезде қазақ тілін өздері үйренген.

“Этноауыл ашылғалы осындамыз. Бізге барлығы ұнап жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын Алматыда тұрдық, сол кезде аздап қазақ тілін үйрендік. Қазір Жапонияда тұрамыз”, – деді келіншек.

Ол жанындағы күйеуін таныстырып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына орай келгенін айтты. Айтуынша, Астанада өтіп жатқан сайыстың ұйымдастырылуы көңілінен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары