$ 484.11  528.79  5.03

Жамбыл облысында депутат полиция қызметкерлерін балағаттап, соққыға жықты (ВИДЕО)

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео “Президентке хат” Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан азаматтық киім киген ер адамның қызметтік киімдегі екі полиция қызметкерін соққығы жығып, балағаттап жатқанын көруге болады. 

“Жамбыл облысы, Меркі аудандық мәслихатының депутаты Алтынбаев Тәуіржан Тараз қалалық полиция басқармасының кезекшілікте жүрген екі қызметкерін соққыға жыққан. Депутаттың ықпалды байланыстарының кесірінен қылмыстық істі бір жыл бойы сотқа жіберу мүмкін болмағаны хабарланды”, – делінген видеода.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын растады.

"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысты. Қылмыстық іс құқықтық баға беру және одан әрі сотқа жолдау үшін айыптау қорытындысымен Тараз қаласының прокурорына жолданды", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары