11.09.2024, 12:20

«Ұрып-соғып, мазақ қылған»: Астанада оқушылар қатарласына жабылып буллинг жасаған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Астанада Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарына жабылып буллинг жасап, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видео астындағы жазбада 9-сынып оқушыларының өз құрдастарын үнемі ұрып-соғатыны жазылған. 

"Оқушылар тобы үнемі басқа оқушыларды қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған. Бұл ретте жаппай жабылатындардың құрамында шамамен 15 адам болған. Оқытушылар құрамы, меңгерушілер мен директор бұл жайтты білсе де, ешқандай шара қолданбайды деген ақпарат бар", - делінген хабарламада.