$ 494.87  520.65  4.91

«Қызыңды да беруге дайын бол»: Нұрлан имам тоқал алуға қатысты ойын айтты

Имамның айтуынша, ол көп әйел алуды қолдамайды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы "Сырласу" бағдарламасында қонақта болып, тоқал алуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Имамның айтуынша, ол көп әйел алуды қолдамайды. 

Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді, – деді имам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары