Астана қаласының полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау үшін жауапкершілік туралы ескертеді.
Әлеуметтік желіде Астанадағы мектепте оқушылардың сыныптасына әлімжеттік көрсеткені туралы видео тараған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Астана қаласының полиция департаменті №83 мектеп-гимназиясының оқушысын ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Төбелестің барлық қатысушылары мектеп ішіндегі есепке алынды. Педагогтардың жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады.
Астана қаласының полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау үшін жауапкершілік туралы ескертеді.
Балалардың тәртібін бақылау қажеттілігін еске саламыз», – делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ұрып-соғып, мазақ қылған»: Астанада оқушылар қатарласына жабылып буллинг жасаған (ВИДЕО)