Владимир Высоцкий — кеңес ақыны, театр және кино актері, әндердің авторы-орындаушысы; прозалық шығармалар мен сценарийлердің авторы.
Белгілі журналист Серік Абас-Шах әлеуметтік желіде өзінің жас кезіндегі кумирінің хатын жариялады, онда танымал кеңестік әртіс қазақтар мен Қазақстан туралы өз әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Хат Высоцкий шығармашылығына арналған сайтта орналастырылған:
«8 қаңтар 1963 жыл.
Алматы, «Қазақстан» қонақ үйі — Мәскеу, Беговая аллеясы
Сүйікті лапа!
Пойызда жазуға ешқандай мүмкіндік болмады — сілкіндік, аялдамалар қысқа болды. Біздің екі адамымыз артта қалды, сосын қол дрезинасымен пойызды қуып жетті.
Қазақтар аз, бірақ радио және басқалары — бәрі ұлы державалық қазақ шовинизміне шалдыққан. Расын айтқанда, кейбір сөздерді түсінуге болады. Әрбір сөзден кейін олар «м» әрпін қояды. Мысалы, қазақм, паровозм және т.б.
Бүгін ғана қайда тұратынымыз белгілі болды, сосын мен саған жеделхат жібердім. «Қазақстан» қонақ үйі — шығыс жарты шарындағы ең көрікті қонақ үй. Бұл жерде батареялар да қабырғада, басқасын қоя тұр. Бүгін бір жерден су ағып кетті, жұмысшылар келіп, қабырғаны сындырып, жөндеп, тағы да бітеді. Қазақтар грүржілерден жаман. Олардың (гүржілердің) қайта ақшасы бар, қазақтардың ақшасы жоқ және олар ыза. Неге екені белгісіз, менің төлқұжатымды алып қоймайды, мен оны әзірге жібере алмаймын. Күнім, сендерді қатты алаңдаймын. Хатты авиа арқылы, не былай жіберерімді білмей отырмын. Бүгін авиа арқылы жіберемін. Мен, бәлкім, сенің әкеңе қоңырау шалатын шығармын. Әйтпесе жауабын күту өте ұзақ. Мына жерде ішім пысатын сияқты. Міне, әзірге осы.
Сені сүйемін, өте жақсы көремін. Баламызды сүйіп қой, бәріне сәлем!»
Владимир Высоцкий — кеңес ақыны, театр және кино актері, әндердің авторы-орындаушысы; прозалық шығармалар мен сценарийлердің авторы. РСФСР еңбек сіңірген әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ақын ретінде Высоцкий өзін ең алдымен авторлық ән жанрында жүзеге асырды.