12.09.2024, 08:30

«Күн суытып, қар жауады»: 12-14 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 12-14 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы. 

Кең антициклон республиканың көп бөлігінде сақталып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етсе де, оны солтүстік суық ағындары толтыра бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөлімдері әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін.