Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген.
11 қыркүйекте Душанбеде белгісіз адам Тәжікстанның бас мүфтиі, Үлем (мұсылман діни қызметкерлері) кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, оқыс оқиға намаз аяқталғаннан кейін Душанбедегі орталық мешіттің жанында сағат 17:20 шамасында болған.
"Кешкі намаз аяқталғаннан кейін Душанбе қаласының орталық мешітінде бір азамат Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданың денесіне сұғу-кесу затымен (пышақпен) соққы берді", делінген хабарламада.Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді.
Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері ізін суытпай, бірден ұстады. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу амалдары қолға алынды.