12.09.2024, 10:20

Астанада көлік жүргізушілері төбелес шығарды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Материал сотқа жолданды.

Астанада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер түсірген видео Instagram желісіндегі Astana brothers парақшасында жарияланды. Кадрларда екі ер адамның жол үшін төбелес шығарғанын байқауға болады. Ал жолдан өтіп бара жатқан көліктер оларға сигнал берген. Видеоға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Биыл 10 қыркүйекте Тұран даңғылында Mitsubishi Pajero мен Toyota Camry көлігінің жүргізушілері жол бөлісе алмай төбелес шығарған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қос жүргізуші де әкімшілік жауапқа тартылды. Материал сотқа жолданды", - деп хабарлады елорданың полиция департаменті.