Сотталған бірде біреуі жоқ!
Әлеуметтік желіде бір әйелдің қыз-келіншектерге қарата инвестиция салу туралы видеосы тарады. Әлгі видеоны көрген қоғам белсендісі, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила оны «алаяққа» теңеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеодағы әйел әйелдерді бір жобаға 3 млн теңге ақша салуға шақырған.
«Әншілердің 90% осындай алаяқтықпен айналысып, қаншама адамды қарызға батырды, солардың ішінде өзіне қол жұмсағандар да бар! Ал бұлар ақшаны қағып алып, әндерін айтып, шалқып жүре береді! Сотталған бірде біреуі жоқ!
Әнші ол жай ғана тамағының резонаторы ерекше адам, басқа адами қасиеті мыңының біреуінде ғана!», – деп жазды видеоны өз парақшасында бөліскен Ахметбек Нұрсила.
Бір қызығы, бизнес-тренер боп жүрген кісі нақты қай әнші екенін айтып, алаяқтықпен айналысқан әншінің аты-жөнін жазған жоқ.