$ 494.87  520.65  4.91

Қылмыстық жазаға тартылмас үшін «Жынды» деген қағазды сатып алуға болады – Айгүл Орынбек

Он миллион берсең жынды болып шыға келесің!

Фото: Aigul Orynbek фейзбук парақшасынан
Фото: Aigul Orynbek фейзбук парақшасынан

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Қазақстанда жемқорлықтың белең алғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғамда заңсыздықтарға талай рет куә болып жүрген заңгердің жазуынша, «10 миллион теңге берсең, «жынды» болып шыға келесің.

«Қылмыстық жазаға тартылмас үшін, «Жынды» деген қағазды сатып алуға болады.

Қазақстандағы жемқорлық жүйенің барлық саласын жаулағаны соншалықты, он миллион берсең жынды болып шыға келесің! Ол үшін ақшаң және мықты көкең болу керек! Осы уақытқа дейін сау болып жүріп, тіпті көлік айдап жүрген адам бірден жынды бола қалғаны күдік тудырады. Видеоны көріп синтетикалық зат немесе анаша шекен ау деп ойлаған едім. Сөйтсем, жынды екен ғой. Енді ойланып отырмын, қашаннан бері жынды екен,  адам өлтірген уақыттан үш төрт ай бұрын ба, әлде он-он бес жылдан бері тіркеуде тұра ма?!», – деп жазды ол Facebook-тағы парақшасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 4
Күлкілі 3
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары