13.09.2024, 10:20

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түсті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. 

12 қыркүйекте Yutong Bus автобусының жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 25 шақырымында бұрылу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, содан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter-дің артқы жағына құлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан құлаған автобустың жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.

Алматы облысының полициясы жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.