$ 478.93  534.96  5.16

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады

Жуырда Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз.

"Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жуырда Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - деді бас бапкер.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті.

Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары