Бейнежазбада ер адамның аялдаманы жұдырығымен бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Астана тұрғыны Байқоңыр ауданындағы аялдаманы бүлдіргені үшін қамауға алынды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада ер адамның аялдаманы жұдырығымен бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша оларға белгісіз ер адам Ақжол даңғылында орналасқан аялдамаға зақым келтіргені туралы ақпарат келіп түскен.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша ер адам 15 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.
Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы ескертті.