$ 494.87  520.65  4.91

СҚО-да бұзақылар 19 жастағы жігітті қорқытып, несие алдырған

Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды.

Фото: СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы петропавлдыққа қатысты жасалған қорқыт алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

20 тамызға қараған түні бейтаныс адамдар зардап шегушіге дене күшін қолданатындықтарын айтып қорқытып, мобильдік қосымша арқылы 30 мың теңге несие ресімдеуге және оны қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүрлеген.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 6637 әскери бөлімінің «Б» тобымен бірлесіп, қорқытып алуды жасады деген күдікпен облыс орталығының 20 мен 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

«Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. – ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан облыста қорқытып алудың 16 фактісі тіркелді. Олардың барлығы ашылды».

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары