Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева хабарлады.
Павлодар облысында 6-сынып оқушысы екі оқушыны жиналмалы пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 11 қыркүйекте "Эрзи" дүкенінің маңында сағат 12.30 бен 13.30 аралығында болған. Павлодар облысында 6-сынып оқушысы екі оқушыны жиналмалы пышақпен жарақаттаған. Олар ешкімге ештеңе айтпай, сабаққа қатыспай, үйге кетіп қалған. Кешке жарақат алған балаларға Облыстық балалар ауруханасында медициналық көмек көрсетілген.
12 қыркүйекте ата-аналар мектеп әкімшілігін хабардар етті, олар қолданыстағы зорлық-зомбылық, буллинг, кәмелетке толмағандар арасындағы киберқорлау фактілеріне жедел әрекет ету алгоритміне сәйкес білім бөліміне хабарлап, полиция шақырған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар сабаққа кірісіп кетті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.