Қазіргі уақытта Қырғызстанда тігін және құрылыс салаларында жұмыс күші жетіспейді.
Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Ресейде жұмыс істеп жүрген бірқатар қырғыз азаматтарынан елге оралуды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысының бұл үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды.
«Ресейде тігін саласында жұмыс істеп жүрген әпке-сіңлілер, сол секілді құрылыста жүрген аға-бауырлар Сіздерді Отанға – Қырғызстанға оралуға, осында жұмыс істеуге шақырамын. Қазіргі уақытта Қырғызстанда тігін және құрылыс салаларында жұмыс күші жетіспейді», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.